Сыр сақтаған тұмарлар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыр сақтаған тұмарлар

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата - бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан - теңіз. Ата - баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Қазақстан территориясының жер бедері де бұл териториямен ең алғаш жайланған тайпалар да мыңдаған жылдар ішінде неше түрлі өзгерістерге ұшырады. Табиғатты көркейтіп, жер қойнауының қазба байлықтары молға түсті. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал - сері, тігінші, өрімші, балгер - бақсы өтті.
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш - Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі "Алтын адам" қаңқасы, Түркістандағы "Тайқазан" да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, "алтынды аптап, күмісті күптеп" зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: