р күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұның да іші қуыс болады, онда дұға сақталады. Мұның өзі ерте кездегі қараңғы халықтың дінге деген нанымынан туған. Тұмар адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп білген. Сондықтан, тұмаршалардың осындай "қасиетіне" табынған жұрт оны күмістен жасатып, сыртына неше түрлі зер жүргізіп, алтынмен булатқан. Мұндай тұмаршалардың өте әсем түрлерін мұражайлардан тамашалаулар-
ыңызға болады.
Қазіргі кезде тұмар таққан жастар көбейіп келеді. Алайда, сол тұмарды не үшін тағып жүргенін өздері де білмейді. Мұсылмандықтың белгісі ме, әлде ырым-жырым ба? Әлбетте, тұмардың тарихы тым тереңде жатыр.
Сенбесеңіз, ел аузында әл-Фараби бабамыздан қалды дейтін әңгіме де бар. Ұлы ұстаз қартайып, бір топ шәкірттерінің басын қосып: " Сендерге аманатым бар, құпияны сақтап, шартын орындасаңдар ғана ашамын " - дейді. " Айтқаныңызды екі етпейміз "-деп шәкірттері де бірауыздан уәде береді. Сонда ұстаз оларға киізден тігілген тұмарды ұсынып, өз қабірінің басында ғана ашуды міндеттейді. Араға көп уақыт салмай данышпан дүниеден өтеді. Шәкірттері арулап жерлеу рәсімі кезінде әлгі тұмарды ашып қараса, ішінен бір түйір қағаз шығады. Оған: "Бұл - мен туған жердің топырағы. Қабіріме осы топырақты салыңдар " - деп жазып кеткен екен. Ғұламаның әлгі өтініші үлкен тебіреніспен, толқумен орындалыпты. Ол кезеңдерде дәл қазіргідей туған жердің қадір-қасиеті артық тұрса керек. . .
Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі болып саналады. Қазақ үшін - көк, күн, от, су сияқты, қара жер де киелі ұғымдардың бірі. "Қара жер" - киелі жер деген мағынада. Бұрынғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топыра
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>