ғы болған.
Тұмар сөзінің өзі түркінің " тума иер " - " туған жер " деген сөздерінің кірігуінен пайда болған. Кейінірек мұсылман дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішінде дұға жазып салу салт-дәстүрі қалыптасқан.
Иә, тұмар халқымыздың ұғымында өте киелі мағынаға ие болған. Қайырылмас ғасырлар бұрын қағаз жоқ, тауар аз кезде, сауда-саттық жасау мақсатымен алысқа сапар шеккенде немесе соғыс жорықтарына аттанғанда, бабаларымыз мал терісінен жүрекке ұқсатып, үшбұрышты етіп тігілген қалташыққа, яки тұмарға туған жердің топырағын толтырып алып шығатынды. Бұл туған жерге, туған елге деген перзенттік парыздың белгісі болса керек.
Тұмар - Түркі халықтарының дәстүріндегі туған жерді қадірлеп, қастерлеуден шыққан сенім. Аяулы дәстүр. Осы бір дәстүрді барша қазақ жастары біліп жүрсе екен !
Страницы: << < 2 | 3 | 4