кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. "Шеберді шілтерінен танисың", "Шебердің қолы ортақ", деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнерінің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде.
Кез келген халықтың ғұмырнамалық сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті, тарихы, өнері үлкен әсерін тигізеді.
Қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар. Тұмар араб тілінен ауданғанда бүктелген, үлгі, қолжазба деген мағынаны береді. Молданың ауырған кісіге ырым үшін жазып беретін дұғасы. Бойтұмар дұға, аят немесе қасиетті кітаптан алынған сөздер жазылған, мойынға тағылатын қастерлі зат. Бойтұмар адамдарды түрлі пәле жаладан қорғайды деп есептеген. Бойтұмар тағу барлық халықтарға тән көне дәуірден келе жатқан дәстүр. 1, 359б
Бойтұмар мойынға тағып жүретін әшекейлердің бірі тұмар. Оны шеберлер күмістен не бұрыштап, не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Бұлардың іші қуыс болады. Онда дұға сақталады. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі өңіржидек өзара бір біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген бұл бұйым кейде сансыз салпыншақтармен күрделене түседі.
Мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі -- тұмарша. Оны шебер зергерле
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>