Сурет салу

Страницы: <<  <  120 | 121 | 122 | 123 | 124  >  >>

рдың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу мазмұнының болуы;
пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт-дәстүр және фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың – жаны сау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша ОӘК авторлары да 8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар:
Мектепалды даярлықБастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын?Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз?Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар?Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр?Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды?Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы?Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек?Дені саудың – жаны сау

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың

Страницы: <<  <  120 | 121 | 122 | 123 | 124  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: