ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады. Осы кезде көкек келеді . Не деген ғажап "кө-кек,кө- кек" деп ән салады. Сондықтан да "сәуір" айы "көкек" айы деп аталады.
Көкек: Жаршысы көктемнің
"Көкек" дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең мені күт
1-жүргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады. Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.
Көктем: Елдің сәні ,көлдің сәні - аққуы,
Келді жұппен көптен күткен
Сахнаға аққу маскасын киіп, ақ көйлек киген екі қыз шығады.
Бірінші аққу: Құс сұлуы аққу мен,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезіп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
Екінші аққу: Сұлулыққа паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді көл көркі,
Құс патшасы атым бар.
(сахнаға бала шығады)
Бала: Армысың көктем! Көліне аққу - қазы қонған қуаныш думаның
ұзағынан болсын !Мынау қайта оралған құстарына арнап "Аққу" биін
орындауға рұқсат ет.
Көктем: Ән - биге қандай шек болсын! Қыздарымыз аққу биін
орындап берсің.
Би : "Аққу" биі
Көктем: Құстарым,менің құстарым,ұнайды биік ұшқаның. Мерекелік шеруінді жалғастыра бер
(түрлі құстардың бас киімін киген оқушылар бір - бірлеп шығып өздерін таныстырады)
Қарлығаш: Қарлығашпын
Мен адамның тұрағын
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй - ішін
Санитармын төселген
1-жүргізуші: Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:
Қараторғай: Мен қараторғаймын.
Шегірткеден жұртыңды
Қырғи болып қор
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>