лдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
2-жүргізуші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі - құстар. Халық ежелден - ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады.
1-ж: Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз "кәсібі" бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері - құрылысшы. Құстар сонымен бірге "дала дәрігері" деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
3-ж: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.
1-оқушы: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
2-оқушы: Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп.
Сахнаға вальс биін билеп "Көктем" шығады.
3-оқушы: Сағынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап нұрлы гүлің,
Басқар құстар күнін.
Көктем: (Залға қарап бас иіп)
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
(Сахнаға құстың ұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді. )
Хор: Сәлем елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
Көктем: Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-бақшаның дұшпанын,
Бастырмады құстарым.
Кербез құстар әні мен,
Келді міне сәнімен.
1-жүргізуші: Халық " көкек келді-көктем келді " - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
2-жүргізуші: Бұл кезде қар еріп,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>