ғаймын.
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын.
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын.
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын.
2-жүргізуші: Пайдалы құстардың бірі - қараторғай. Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді. Қараторғай - орман қорғаушылары.
Торғай: Мен торғаймын,торғаймын
Көк аспанда шарлаймын
Жерге бетер қонбаймын
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт - құмырсқа,шіркейден
Бау-бақшаны қорғаймын.
1-жүргізуші: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық зиянды құрттарды жейді.
Тоқылдақ: Құртты іздеп інінен
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашанда ол әбігер
2-жүргізуші: Тоқылдақ - орман құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.
Көгершін: Бейбітшілік құсы - менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,
Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Тәрбиеші: Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік
белгісі.
Тәрбиеші: Міне , достар,өлкемізге көптен күткен құстар да келіп жетті.
Олар көлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.
бала: Айтсақ-әніміз,
Ардақтасақ - сәніміз.
Көңілдің хошы,
Табиғаттың досы,
Сәлем сендерге , қанаттылар!
Оқушы: Құс анасын атпаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз
Бауырмал боп бәріңе,
Қорғау заңын сақтаймыз .
Оқушы: Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
1-Жүргізуші: Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,он
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>