Ағылшын тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар. Спанова М. С. Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Sports in Britain. Британ спорттары. Сабақтың мақсаты: Британ елінің спорт түрлерімен таныстыру. Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылар британ елінің спорт түрлерімен танысады.
2. Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды.
3. Сабақ барысында топ мүшелерінің пікірімен санасады, өз-ара силасуды үйренеді.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бірлесіп постерге сурет салу. Сабаққа қажетті құралдар: қағаз, маркер, стикерлер. Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, дене шынықтыру. Күтілетін нәтиже: Британ елінің басқа елде жоқ спорт түрлерімен танысады, бірлескен топтық жұмыста екі елдің спорт түрлерін салыстыра тақырыпты меңгереді.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту (Сергіту сәті)
ІІ. Үйренуге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. Сабаққа байланысты қызығушылықты ояту.
IV. Сабақты бекіту. Трек сызба.
V. Бағалау.
VI. Үйренуге берілетін тапсырма.
VII. Кері байланыс.
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты топқа бөлу.
3-мин
1-мин
Сергіту сәті. (физминутка)Түстер арқылы (қызыл, жасыл қағаз қиындыларын тарату)
Оқушылар іс-әрекетті барлығы бірдей істейді. Ұнаған түстерін алып 2 топқа 4-5 оқушыдан бөлінеді.
ІІ. Үйренуге берілгенге шолу.
5-мин
Үйге берілген тапсырманы ішіне-сыртына әдісі арқылы еліміздің ұлттық ойындары мен спорт түрлерін ашып, жазып айтып шығады.
Оқушылар топқа бөлініп жауап береді.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Миға шабуыл әдіс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>