оқи білу қабілеті ән айту процесінің негізі болып табылады. Интонациялық әуенді түсіне білу қабілетін ән айту процесінің негізі болып табылады.
Интонациялық әуенді түсіне білу қабілетін дамытуда, ең негізгісі түсінік дәрежесін жан-жақты етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Іс жүзінде, егер оқушының жазылған дыбыстар қатарының дыбыс шығымынан хабары болмаса, онда ол дыбыстың дұрыс шыққандығын тексере де алмайды. Сондықтан сольфеджио сабағында тыңдай білу, естігеніңді танып, бағалай білу ән айтумен бірдей дәрежеде маңызды орын алуға тиіс. Барлық түсіндірілгендер, түсінікті болғандар, барлық жаңа интонациялар алдымен тыңдалуға тиіс, содан кейін барып бірнеше рет қайталау жолдарымен меңгеріліп, ен соңында, өз дауысымен орындалуға тиіс. Сол кезде ең маңыздысы өзінің айтып тұрған әніңді тыңдай білу және қадағалай білу өте маңызды. Өзіңді өзің бақылай білу сезіміне тәрбиеленбейінше әшбір интонациялық жиілікте, не қағаз бетінен оқуда қандайма бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, тыңдай рефлексін дыбыстық бейнелерді есте сақтау жиынтығы негізінде дамыту жұмысына ерекше назар аударған дұрыс. Практика барысында, біз ән айтуды әуенді түсіну қабілетінен хабарының нашарлығымен кездесіп отырамыз, сондықтан ол ән нақты дәл, талапқа сай айтылмайды. Бұл дегеніміз алдын-ала әуенді түсіну қабілетінен хабардар екенін беркіндіріп алмастан, сабақ барысында ән айтуды тым ерте бастағандығының нәтижесі. Нақыштап таза ән салу үшін алдын-ала дұрыстап тыңдай білу қажет.
Әуенді түсіне білу - әуеншінің басты құралы болғандықтан да сольфеджио пәнінің маңыздылығы ерекше зор. Алайда, әуенді түсіне білу қабілетінің дамуы, тек осы сабақ бойынша ғана дамиды деп түсінуге болмайды. Әрине, музыка қызметінің қай түрі болмасын әуенді тыңдай, ән айту, музыка аспаптарында ойнау - осылардың бәрі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>