Султанов Адилхан Тлеккабылович
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Орал "Сервис" технологиялық колледжі
"Сиқырлы саздың сырын ұққан. . . "
Ақ Жайық өлкесі ежелден бері өнерпаздарға кенде болған емес. Қарасаң көзің тоймайтын Жайықты жағалай тізілген жасыл желек тоғайы, көз ұшына дейін көлбеп жатқан жазира жалпақ даласы, сағым арасынан өзіне қол бұлғап шақырғандай әсер қалдыратын шағылдарының өзі дүниені әуенге бөлеп, ән салып, шалқар шабыт бергендей. Бұл өлкеден әнін көкке әуелеткен- сал Мұхит, Ғарифолла, күй мектебінің негізін салушылар- Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, айта берсек, талай-талай музыка майталмандарының шыққаны тілімізге оралары сөзсіз. Олардың біразы халық арасында кеңінен танымал болса, енді біреулері әлі күнге дейін өз деңгейінде насихатталмай келеді. Бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған- еліміздің музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан, Қазақ КСР, КСРО ағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, "Құрмет белгісі" және "Үздік еңбегі үшін" ордендерінің иегері, Қазақстандағы виолончель мектебінің негізін салушы Сапиолла Молдағалиұлы Жакеев туралы болмақ.
Сапиолла Молдағалиұлы 1931 жылы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, "Социализм" колхозында дүниеге келген. Бұл елді мекен Барбастау өзенінің Жайыққа құяр тұсында орналасқан ежелден елге құт, малға жайлы, шүйгінді, халқымыздың берекелі қонысы болған, ел аузында Көкмешіт атымен әйгілі болған өлке. (Халқымыз негізінен мешітті көрінген жерге салмаған. )
Сапиолланың балалық шағы ел басына түскен зобалаң жылдармен, қала берді соғыс зұлматымен тұспа-тұс келді. 30 жылдардағы аштық жылы Молдағали мен Мәдинаның төрт баласынан тек Сапиолла ғана тірі қалады. Әкесі Молдағали 1937 жылы "Халық жауы" ата
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>