Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. 
Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. 
Тақырыбы: "Сиқырлы пішіндер"
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр - түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. 
Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы. 
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер. 
Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа. 
Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады. 
Амандасу: Музыка әуенімен әндетіп:
-Үлкенге де сіз,сіз. 
Кішіге де сіз,сіз. 
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз, біз. 
 
- Балалар, жылу шеңберіне тұрайық. 
 
Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
- Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық. 
Жүрек жылуын салайық. 
Жиналған жылу шуақтарды,
Қонақтарға шашайық. 
(музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)
Ханшайым:
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
Балалар:
- Сәлеметсіз бе?
Ханшайым:
- Мен сендерді "Сиқырлы пішіндер" әлеміне шақырамын. 
Тәрбиеші:
- Балалар, "Сиқырлы пішіндер" әлеміне барғыларың келе ме?
Балалар:
- Иә. 
Тәрбиеші:
- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?
Балалар:
- Поезбен. 
Тәрбиеші:
- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік. 
Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:
Қимылды ойын:
"
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
