Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық.
"Ойыншықтар" әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Ойыншықтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен құлыншақ,
Ұйықта десең ұқпайды.
ІІІ. Тәрбиеші:
- Балалар, Ханшайымның мынадай тапсырмасы бар, "Ойыншықтардың үйін табу" деген.
Шарты: - Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
ІV. Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымның тапсырмасына қарайықшы.
- Мынау не?
- Балық.
- Балық қайда жүзеді?
- Суда.
- Балықтардың көлеміне қарасақ бірдей ме?
- Жоқ.
Мынау қандай балық?
- Үлкен, кіші, мынау одан да кіші.
Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымға көмектесейік. (Түсіндіру)
- Балалар, мынау біздің аквариум болсын. Ал мынау балықтардың орны, мынау көзі. Алдымызда тұрған балықтарды алып, көлеміне қарай балықтардың орнын табамыз.
Д/о "Балықтардың орнын тап"
Шарты: Үлкен, орташа, кіші балықтарды тауып, олардың көлеміне қарап, ілгектеу.
V. Тәрбиеші: - Балалар, біз мына пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.
Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?
Тәрбиеші: - Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді. Матадан тігілген пішіндерді алып, )
1-топ: Пішіндерден үй құрастырады.
- Үй қандай пішіндерден тұрады?.
- Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.
2-топ: Құрт
- Құрт қандай пішіндерден тұрады?
- Төрт дөңгелектен тұрады.
- Үлкен, орташа, кіші,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>