Поезд" Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
- Балалар, біз міне "Сиқырлы пішіндер" әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.
- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:
- Сен қандай пішінсің?
-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Тәрбиеші:
- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
Дөңгелек:
- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.
- Дөңгелектің бұрышы бар ма?
- Пішіннің түсі қандай?
І. Тәрбиеші:
- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)
Д/о. "Айналадағы заттардың пішіні"
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.
ІІ. Тәрбиеші:
- Балалар, Ханшайымның "Кеңістікті бағдарлау"деген тапсырмасы бар.
Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.
Тәрбиеші тексереді.
Тәрбиеші:
- Ал, балалар, тұрайық,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>