.
Балауса балғын, көк майса шалғын,
Барады күндер.
Тербеліп билеп, жайқалып билеп,
Ән салып әсем.
Қайырмасы:
Балдәурен, бақытты ән дәурен,
Келеді қанатын самғаумен.
Көңілдің ұшырып, аққуын,
Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.
Жаныма жылы, жүрекке ыстық,
Көңілге сұлу.
Тоя ма көзің, балдәурен кезің,
Бақыт-ау, бақыт?
Даламдай дархан, тауымдай биік,
Өмірге сұлу.
Үй тапсырмасы.
27 сабақ 98 бет "Ақиқат" мәтінін оқып келу
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. Оқушылар бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар!
Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
"Өзін - өзі тану" пәні сабағының жоспары
Сынып: 6 "Ғ"
Мұғалім: Джолова М. Молдағараева А
2016 - 2017 оқу жылы
Страницы: << < 2 | 3 | 4