Шындық шыңы ақиқат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нақтылана беретін адамға қажетті құндылық


Әңгімелеу (мұғалім сыйы). Екі қасқыр (аңыз)
Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:
oo Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі - сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады . . .
Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
oo Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
oo Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.
Сұрақтар:
1. 1. Бұл аңыздан не түсіндіңдер?
2. 2. Атасы немересіне аңыз арқылы не түсіндіргісі келді?
3. 3. Баланың сұрағына сендер қалай жауап берердеіңдер?

Сергіту сәті
Оқушылардың бойын сергітіп алу мақсатында Ұлытау тобының "Жұмыр қылыш" әніне бейнебаян ұсынамыз. Оқушылар сол бейнебаянға қарап, түрлі қимылдар жасап, бойларын сергітіп алады.

Шығармашылық іс әрекет, Гүл себетінде берілген тапсырмаларды оқушылар таңдап алып, топтық тапсырма орындайды
1. І - топ: Сөзжұмбақ құратыру;

2. ІІ - топ: Ребус құрастыру;

3. ІІІ- топ: Өтірік өлең құрастыру;

4. IV - топ: Постер қорғау


Топпен ән айту.
Балдәурен(МелоМен)
Балдәурен көктем, асығып жеткен,
Шағала күндер.
Базарлы маусым, шырқалған даусым,
Тамсанып әсем

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: