Үштілділік менің өмірімде

Страницы: <<  <  1 | 2

рген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Қазіргі балалар өте ақылды, алғыр. Олардың бұған шамасы жетеді. Білімдік база нақ балалық жаста қалыптасады. Ата - аналар өз балаларының қабілетіне, болашағына сенсе, олардың өмірде табысты болуын қаласа, үштілділік тұғырына түсіністікпен қарауы керек. Сенің балаң Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, барлық әлемде бәсекеге қабілетті боларын білсең, жақсы жұмысқа орналасып, бақ қуатты өмір кешетініне кәміл сенсең, одан артық не керек.
Демек, "Тілі бірдің - тілегі бір", "Тіл тағдыры - ел тағдыры" екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі - тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету қазақстандықтардың ортақ парызы. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу мақсатына өз үлесімнің бар екендігін мақтан тұтамын!







Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: