Шоқан Уәлиханов

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

р туралы жазбалар", "Қазақ халық поэзиясының түрлері", "Ыстықкөл сапарының күнделіктері" атты еңбектерін жазды. Қырғыз жыршыларының аузынан "Манас" жырының нұсқаларын жазып алды.
3-оқушы: Ыстықкөлге сапардан соң Шоқан Қашқарияға саяхат жасайды. Қашқарияда Шоқан 1858 жылдың 1 қазанынан 1859 жылдың наурыз айының ортасына дейін болған кезде Қашқар қаласы мен Алты шаһар елін терең зерттейді.
4-оқушы: Шоқанның өзі қатысқан саяхаттарынан жазған еңбектері оның есімін бүкіл ғылыми және әдеби әлемге әйгілі етті. Шоқанның ғылыми ғұмырнамасында әйгілі саяхатшы П. П. Семенов -Тянь - Шанскийдің орны орасан зор. Шоқанның ғылыми мүмкіндіктерін жоғары бағалаған атақты ғалым оны Орыстың императорлық географиялық қоғамына мүшелікке ұсынған. Соның нәтижесінде Ш. Уәлиханов 1857 жылы 17 ақпанда небәрі 22 жасында орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.
5-оқушы: 1863-1864 жылдың қысында Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысады. Осы жолы ол "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазады.
Шоқан 1865 жылдың сәуірінде 30-ға жетпеген шағында қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
6-оқушы: Шоқан өлімі қазақ халқына және оның орыс достарына ауыр тиді. Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский: "Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті", - деп жазды.
7-оқушы: Шо

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: