Шоқан Уәлиханов

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

> Шоқан он екі жасында 1847 жылы Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Бұл оқу орын патша өкіметіне қызмет ететін әскери саладағы офицерлерді дайындайтын. 1853 жылы Шоқан аталған оқу орнын корнет деген офицерлік шенмен бітіріп, әскери қызметке орналасады. Осыдан Шоқанның ғылыммен айналысуына жол ашылады. Ол көптеген ғылыми-зерттеу экспедицияларға қатысады. Қашқарияға жасаған сапары оның атын әлемге әйгілі етеді. Шоқан Ф. М. Достоевский, Г. Н. Потанин сияқты ғылым мен әдебиеттің белгілі өкілдерімен достасады.

Топтарға алдын ала берілген тапсырмалар бойынша сөз беріледі
1 - топ. Шоқанның өмір жолдары.
а) арғы тегі, туып-өскен ортасы, балалық шағы;
ә) білім алу кезеңі (Омбыда оқуда болған жылдары).

2 - топ Шоқан - саяхатшы, тарихшы.
а) Шоқанның Ыстықкөл аймағына, Қашқарияға саяхаты;
ә) Шоқан өмірінің соңғы кезеңдері.

І топ сөйлейді:
1-оқушы: Шоқан (Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - қазақ халқының 19 ғасырдың екінші бөлігіндегі талантты ғалым ұлдарының бірі. Ш. Уәлиханов - Еуропа мәдениетін мол игеріп, неміс, француз, орыс тілдерін, әдебиетін терең таныған жан. Шоқан Уәлиханов қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы дүниеге келді. Шоқанның арғы атасы бүкіл қазақтың басын қосқан, алаш жұртын жоңғардың жойқын майданында жеңіс туымен желбіретіп алып шыққан, аты аңызға айналған Абылай болатын.
2-оқушы: Жасында Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. Әжесінің бала күнінен "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен "Шоқан" аталып кеткен.
3-оқушы: Ұлы ғалымның балалық шағы Құсмұрында, кейін Сырымбетте өтеді. Шоқанды орта есейтеді, оған себеп болған қазақтың бай ауыз әдебиеті еді. Жас шағында - ақ Шоқан зерек те, зейінді болады. Шоқан көп әңгімені әжесі Айғанымнан есті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: