п өседі. Сондықтан да, Айғаным бейнесі Шоқан есінде мәңгілік қалады. Шоқан ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды, кейін 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды.
4-оқушы: Шоқан мектепте араб тілін таза меңгереді. Ол шығыстың көп тілін біліп өседі. Сондықтан да Шоқанға кейін Орта Азияны зерттеу қиынға түспейді.
5-оқушы: Шоқан мектепте сурет салуға машықтанады. Оның құмартып еліккен өнері - сурет болады. Сурет салу Шоқанның ғылыми жұмыстарында көп көмектесті. Бұған қоса Шоқан саяткерлікті, аңшылықты ұнатады.
6 - оқушы: Шоқан Омбыдағы кадет корпусын 1853 жылы бітіреді. Одан кейін Омбыда әскери қызметін бастайды. Бір жылдан соң Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында генерал-губернатор болып жіберілген Гасфортқа адъютант болып сайланады. Бұл Шоқанның Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын, әдебиетін терең зерттеуіне мүмкіндік береді.
ІІ топ сөйлейді:
1-оқушы: Әскери қызметін атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, қоғамдық құрылымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, географиясын зерттеуге ден қояды. 1854 жылдан бастап Шоқан Жетісу жерін, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап шығады. Бұл сапарларында ол жергілікті халықтың тарихы, жер-су аттары, әдет-ғұрпы, діни сенім-нанымдарына байланысты мол материалдар жинайды.
2-оқушы: Шоқан - қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы. Қазақстанды, Орта Азияны зерттеген ойшыл, кемеңгер ғалым.
1856 жылдың мамыр айында Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына саяхатқа шығады. Омбыдан бастаған бұл сапарында ол жол-жөнекей Семей, Аягөз, Ақсу, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы саяхатында Ыстықкөлдің топографиялық суретін түсіреді.
Ыстықкөл сапарының нәтижесі бойынша саяхатшы - ғалым "Қырғызда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>