Шоқан Уәлиханов

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8

н да туған халқының игілігіне жұмсағандығы. Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам - шырақтай аз уақыт жанды да, тез сөнді. Өз басы кішіпейіл, еңбекқор, елгезек, жарқын жүзді адам болды.
Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні, ілімімен танысады. Сурет салуды да үйренді. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырады. Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді. Алғаш оқуға түскенде бір ауыз орысша білмесе де орыс жолдастарынан басып озды. 1853 жылы кадет корпусын корнет офицер шенімен бітіргеннен кейін Сібір қазақ әскерлеріне қызметке жіберілді. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал - губернаторының адьютанты болып тағайындалды. 1855 жылы Батыс Сібір генерал - губернаторы Г. Х. Госфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. 1856 жылы белгілі ғалым П. С. Семенов Тянь-Шанскиймен танысты. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясы және халықтың поэзиясын зерттеді. 1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашқария сапарына барып қайтты. Бұл сапар Шоқанның ғалымдық атағын көкке көтерді. 1860 жылы Санкт - Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені жоғарылады.





Страницы: <<  <  6 | 7 | 8
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: