Шоқан Уәлиханов

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


"Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды". академик И. Н. Веселовский
Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тұңғыш зерттеуші Шоқан Уәлиханов туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
Дамытушылық: студенттердің дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, әдебиетке, географияға қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, мазмұндау, түсіндіру, ойландыру, баяндау, іздендіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Ш. Уәлихановтың суреттері, үлестірмелі материалдар, презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу, дайындықты тексеру, сабаққа бейімдеу;
2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын түсіндіру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Дайындықтары сабақ барысында байқалады. Студенттер алдын ала екі топқа бөлініп отырғызылады.
III. Жаңа сабақ.
Алдымен сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, оқушыларға негізгі мақсаты түсіндіріледі.
Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
1. Шоқан туралы не білесіңдер?
2. Шоқанның аты ғылым мен мәдениеттің қандай саласымен байланысты деп ойлайсыңдар?
Осыдан кейін тақырыпты қысқаша түсіндіре бастаймын.
Шоқанның шын аты - Мұхаммедханафия. Шоқан Абылай ханның шөбересі екенін оқушылардың естеріне саламын. Шоқанның туып-өскен жері Құсмұрын және Сырымбет. Шоқанның жастайынан ғылым мен білімге құмартуына әкесі Шыңғыс сұлтан мен әжесі Айғанымның әсері мол болған.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: