армашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, дизайн, көркемдік және бейнелік, т. б шешімдердің үйлесім табуы ағылшын тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушылардың барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін арттырып, бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдау және тануына негіз болатындығын байқауға болады. Мультимедиа оқушылардың берілген ақпаратты қабылдау кезіндегі көру және есту бейнелерін өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнерлігін құрайды.
Қорыта айтқанда, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы Елбасымыздың халыққа жолдауындағы тапсырмасын жүзеге асырамыз және жеке тұлғаның қабілетін дамыта аламыз. инновациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден - бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым - қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ. Р "Білім туралы" Заңы.
2. Давыдов В. В. Виды обобщения в обучении. - М. : Просвещение, 1972. -315с.
3. Машбиц Е. И. Психолого - педагогические проблемы компьютеризации обучения. - М. : Педагогика, 1988. -192 с.
4. Архангельский С. И. Учебный процесс в высшей школ
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>