мәдениетін қалыптастыру және т. б. әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б. ) оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б. 9
Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.
Шетел тілін оқытуда мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде оқыту уәждемелігінің, тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедианың ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады 10:
- оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу мүмкіндігіне ие болған оқушыларға тілді үйренуде табиғи ортаны құру;
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>