- әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;
- ақпараттың қолжетімділігі, яғни аз ғана уақыт ішінде бір оқу ақпаратынан келесісіне өту мүмкіндігінің болуы, себебі бағдарламамен жұмыс жасау барысында оқушылар өткен материалдар және тапсырмаларды еске түсірмеуі мүмкін емес;
- берілген тапсырмаға берілетін уақыт және мазмұн кеңістігінің шексіздігі:
оқушылар тапсырма орындау қарқынын таңдап алады, яғни орындау барысында олар кез-келген анықтамалық ақпаратты пайдалануға мысалы, қажетті лексиканы немесе дыбысталудың бағытын дұрыстау секілді әрекеттерге мүмкіндік алу.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін коммуникативті оқытудың негізгі қағидаларына мыналар жатады 10:
- сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлеріне баса назар аудару;
- грамматиканы оқыту кезінде визуалдық құралдарыда пайдалану;
- дайын жобаларды емес, оқушылардың өз шығармашылық жобаларын
немесе мәтіндерін пайдалануға назар қою;
- бағалаудың дәстүрлі жүйесін жою (дұрыс/дұрыс емес), жауаптың бірнеше
нұсқалы болу мүмкіндігі;
- оқыту үдерісінде шет тілінің көп мөлшерде қолданылуы;
- өзара әрекеттестік: оқушы - компьютер, оқушы - оқушы.
Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау іс-әркеттерінің белсенділігін көтеру,
оқытудың әдіс-тәсілдерінің формаларын жаңарту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру ақпараттық технологияны пайдалану барысында ерекше назар аударылатын мәселелер болып табылады.
Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығ
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>