Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>

іскерлік ойындар арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің дарлығын жетілдіру; болашақ мұғалімдердің шетел тілі бойынша даярлығын жетілдірудің дидактикалық шарттары; ақпараттық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру; шетел тілдерін оқытуды пәнаралық байланыс негізінде оңтайландырудың педагогикалық шарттары т. б. тақырыптар дербес зерттеуді қажет етеді.



Тақырыбы: Сабақты өткізудің психологиялық-педагогикалық ұйымдасқан негізі

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. "Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі".
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында "Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін а

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: