ы. Егер оның сол жақ бөлегі зақым- данса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мүның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға "сағат" деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жонді жетілмегендігін, ягни онда созді дұрыс қабыл-дау, түсіну әлі мардымсыз екендігін корсетеді. Сөзді жалпылай алу -- адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады.
"Сөйлеу", "тіл", "қарым-қатынас" ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б. ) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағ
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>