лұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз "ымға түсінбеген дымға түсінбейді" деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасыпда, күрбы-қүрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сойлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл -- - парасат) түрінде көрініп отырады. "Қарым-қатынас", "сөйлеу" ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.
"Тіл" ұғымының да (дыбысты тіл) аукымы кең, ол, кобінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б. ) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл аркылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі -- фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал "сөз", сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардыц да сойлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлсудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ қүбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді.
Сөйлеу түрлері
Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғ
Страницы: << < 14 | 15 | 16 | 17 | 18 > >>