Шұбар тауық

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
-Күшік, енді сені жемеймін. Сау бол!-деп кетіп қалады. Іші пысқан күшік мысыққа кездеседі.
-Мысық мен сені жеймін,-дейді.
-Мені тойдыр күшік.
-Жарайды, менімен бірге жүр,-дейді күшік. Екеуі бір топ жылқыны көреді.
-Мысық маған қара, құлағым, көзім, құйрығым қандай?
Көзің бозарып, құлағың сылпиып, құйрығың салпақтап тұр.
Күшік:
-Қара маған не қыларымды?-деп жылқыға жабыса кетеді. Жылқы маңдайынан бір тебеді. Күшік сол арада ұшып түседі.
Сонда мысық:
-Әй, мақтаншақ, әліңе қара, сен қасқыр бола алмайсың,-дейді.
Ертегі мазмұнын сұрау.
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші?
-Күшік келе жатып неге жолығады?
-Қасқыр не дейді?
-Күшік не дейді?
-Екеуі келе жатып нелерді көреді?
-қасқыр не жейді?
-Тойған қасқыр күшікке не дейді?
-Іші пысқан күшік неге жолығады?
-Мысыққа не дейді?
-Мысық не дейді?
-Күшік жолда нелерді көреді?
-Жылқыға күшіктің шамасы келе ме?
-Міне, балалар, "әлің білмеген әлек" деген осыдан қалған

-Енді осы ертегіні рөлдерге бөліп сахналайық. (Атрибуттарын кигізу)
Сергіту сәті:
Керіледі мысық,
Көзін жаймен қысып,
Жүгіреді күшік,
Аула ішін кезіп.
Билингвальды компонент:күшік- щенок-dog, мысық-кот-catМарғау- мысықтың баласы.
Дидактикалық ойын: "Ертегі кейіпкерлерін тауып олардың жүрісін сал"
Ойын шарты: ертегі кейіпкерлерінің жүрісін салады.
Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі 8 тапсырма бойынша орандалады. Жеке жұмыс жүргізіледі.
Балалардың іс-әрекеті
-Күшік пен мысықтың суретін көріп отырмыз.
-Күшіктің анасын ит деп атаймыз.
-Ит-сөзі бір ғана буыннан тұрады. Қолдарын шапалақтау арқылы көрсетеді.

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: