ын адамзат.
2-топ "Құстар"
Ұраны:Құстарды қорғаймыз,
Ұясын бұзбаймыз.
3-топ "Жануарлар"
Ұраны: Жануарлар тобы алға,
Тек биікке самға.
IV Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар
1. Дала кілемі не?
(Шөп, өсімдіктер)
2. Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.
(Ара)
3. Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.
(Шыбын)
4. Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.
(Қоян)
V Жаңа сабақты түсіндіру.
Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте- көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін- шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.
Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күніндешөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.
Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Шалғынды мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға: уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілер өте көп балады. Гүлден-гүлге қонып тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көб
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>