Ш. Уәлиханов. Абылай хан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Есилбек Риза Толеугаликызы
Бастауыш сынып мұғалім
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы
Шашубай кентіндегі "Мектеп-балабақша кешені" базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)"КММ
Сабақ: әдебиеттік оқу
4 "А" сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Уәлиханов "Абылай хан"
Сабақтың мақсаты: 1. Шоқан Уәлиханов туралы мағлұмат беру. Абылай ханның ерлік жолдары туралы түсінік беру. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушылардың ойын толық баяндай білуін, жазба түрде еркін жаза білуге, өз бетінше қорытынды жасауға, ойын жүйелей білуге дағдыландыру, Абылай хан туралы білімдерін жетілдіре түсу.
3. Елі, халқы үшін күрескен ұлы адамдар өмірін үлгі ету. Өткен тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Түйінді идеялар: оқулықтан тыс жаңа дереккөзден (интернет желісі) алған білімдерін түсінумен бірге жаңа сабақта қолдана білуге үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: болжау кестесі, семантикалық карта, АКТ, интерактивті тақта, интернет желісі
Күтілетін нәтиже: өз ойларын еркін жеткізеді, топта жұмыс істеуге машықтары қалыптасады.
І. Кіріспе
1. Психологиялық дайындық
-Сабақты бастамас бұрын бәріміз бір - бірімізге жақсы көңіл-күй, шуақ сыйлайық.
2. Топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау ( Өткен тақырып бойынша А. Құнанбаевтың "Сабырсыз, арсыз, еріншек" өлеңімен топтастыру)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(Тақтада күннің тек шеңберлі бейнесі ғана беріледі. Ал оның шуағын оқушылар өздері құрастыруы қажет. Әрбір шуақтың артында сұрақтар берілген. Сол сұрақтардағы тапсырмаларды орындай отырып, жарқыраған күн бейнесін шығаруы қажет)
1. Абай қайдан келеді деп ойлайсың?
2. Абай қай жерде оқыған ?
3. Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған еді?
4. Ол баласы Аба

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: