олғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады.
III топ. "Абылай мәңгі ел есінде"
"Атамұра" баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында "Абылай хан" атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды.
Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды.
Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашылды.
Ел басы Н. Назарбаев Көкшетау қаласының бас алаңында орнатылған ұлы ханның ескерткішін ашты. ( Бейнефильм "Абылай хан" туралы көрсетіледі)
-Міне, балалар үш топта өздеріне берілген тапсырмаларды толығымен орындап, Абылай хан туралы қосымша деректермен таныстырды.
Енді сабағымызды ары қарай жалғастырайық. Бүгінгі сабағымызда біз сендермен Шоқан Уәлихановтың "Абылай хан" атты мәтінімен танысамыз. Алдымен Шоқан Уәлихановтың өмір баянына тоқталып өтейік. Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған аты Мұхаммед-Қанапия. Ол 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Қазақтың ұлы ғалымы , тарихшы , этнограф , географ , фольклоршы , ағартушы , демократ. Тегі төре , арғы атасы-Абылайхан. Абылай ханның үлкен ұлы Уәли, Шоқанның бел атасы. Шоқан Абылайдың шөбересі. Ұзаққа созылған дертінен айыға алмай 1865 жылы сәуір айында Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде , Тезек төренің ауылында қайтыс болды. Шоқан азғана ғұмырында аса құнды академиялық еңбектер жазып, құнды мәліметтер қалдырған. (Презентацияда көрсетіледі)
ІV. Сергіту сәті
"Көк тудың желбірегені" 1 шумағын айтқызу (интер белсенді тақтада караоке қосылады)
V. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқушыларға іштей оқыту. Әр топқа жеке-ж
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>