еке тапсырма беру.
І топ. Мәтіннен 18 ғасырдағы қазақ елінің өмірін суреттейтін бөлікті табу.
ІІ топ. Абылайдың ерлігін суреттейтін тұсты тауып оқу.
ІІІ топ. Абылайдың көршілес елдермен жасаған қарым-қатынасы туралы жазылған тұсты тауып оқу.
VI. Дәптермен жұмыс
1 топ. Абылай ханға мінездеме
2 топ. Қазақ елінің халін суреттейтін сөз тіркестерін жазу
3 топ. Қалден-Сереннің қазақ даласын жаулап алудағы мақсаты не?
VIІ. Қорытынды:
Біз не білдік?
Балалар, жаңа алған ақпараттар бойынша кестені толтырып шығамыз.
Білемін
Мен үшін жаңа
Білгім келеді
Әбілмансұр
Сабалақ
Абылайхан
ержүрек сарбаз,
батыл қолбасшы,
әділ хан,
Шарышты өлтірген,
Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
Абылайхан ұрпақтары жөнінде
Сабағымызды Қазыбек бидің дана сөзімен аяқтығым келеді.
Даналық сөз. (Қазыбек би)
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз.
Келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жыл мерей тойы құтты болсын!
VIII. Үйге тапсырма,бағалау (топты бағалау)
"Абылай хан" туралы эссе жазу, мәтінді оқу, мазмұнын дайындау
Страницы: << < 2 | 3 | 4