се келе қоғам қайраткері, ақын - қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді. С. Сефуллиннің "Өткен күндер" атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір -- тұрмыс сырлары "Тар жол, тайғақ кешу" романында суреттелген. Оның "Асау тұлпар", "Домбыра", "Экспресс" атты өлеңдер жинағы және т. б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды. Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі С. Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басынатабыну кеселінен жазықсыз жалаға - репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.
Екінші бәйтерегіміз - Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі -- өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз -- әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен. Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. "Сағанақ" атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы "Тілші", "Кедей еркі", "Арман", "Әншіге" деген шағын өлеңдерінен баста
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>