ан" атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады. Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.
Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті. Қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында "Алашордашыл -- ұлтшылдар" атанды. 20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді. Қуғын -- сүргінге ұшырап, атылды. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек -- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылады.
Страницы: << < 4 | 5 | 6