Үш бәйтерек

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

лып, "Дала", "Күй", "Күйші", "Құлагер" атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын "Дала" поэмасында - Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең - байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір - тұрмысын, дәстүр -- өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, "Күй" және "Күйші" поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров "Еңбекші қазақ" газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспа сөзінқалыптасуына көп үлес қосты. 1934 - 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат - кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.





























Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған. Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген. Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі "Уәзифа", Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын - жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды. Бейімбеттің шығармалары - қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. Ақынның "Байдың қызы", "Рәзия қыз", "Қашқан келіншек", "Марж

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: