Серуенді ұйымдастырудың тәсілдері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ғатқа /құстарға, ағаш жапырақтарына, жыл мезгіліне байланысты жәндіктерге, өсімдіктерге/ жүргізуге болады. Жансыз табиғатқа жататын /күнге, бұлтқа, желге, қарға, қардың қалыңдығына/ жүргізуге болады.
Үлкендер еңбегін, көлік түрлерін, өтіп бара жатқан адамдарды т. б. бақылауға болады. Бақылауды түрлендіріп қызықты өткізу - баланың айырмашылықтарды, айнала қоршаған ортадағы өзгерістерді байқау, байқампаздыққа тәрбиелейді.
Еңбек - аулада, ойын алаңында жүргізіледі. Балаларға жеке тапсырмалар немесе ұжыммен жұмыс тапсыруға болады.
Қимыл-қозғалыс ойындары - Жай қимылды ойындар, орташа қозғалыстағы ойындар және шапшаң қимылды қажет ететін ойындар болады. Жоспарға жаңа ойындарды енгізіп отыру қажет. Бір жылдың ішінде 10-15 жаңа ойын енгізген жөн:
Қызықты ойындар;
Эстафеталық ойындар;
Сюжетті қозғалыс ойындары;
Спорттық элементтері бар ойындар;
Ұлттық ойындар;

Ойындарды ұйымдастыру - жыл мезгіліне, ауа райына, балалар көңіл-күйіне, серуен қай мерзімде өтіп жатқанына байланысты болуы керек.
Жеке баламен жұмыс - баланың өтілген тақырыптар бойынша білімін бекіту, психикалық процестерін дамыту.
Еркін ойындар - Балалардың өз бетінше ойнауына жағдай жасау, керекті құралдарды алу, ойыншықтармен қамту.
Серуенге қажетті құралдар: еркін ойынға қажетті ойыншықтар, қимылды ойындарға бетперделер, қар салуға қажетті ыдыстар, жалаушалар, кегли, белшіктер, шелек т. б. Серуенге қажетті ойыншықтардың санитарлық-гигиенаға сай болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Таза ауада спорттық сайыстар өткізуге және оларға мектеп оқушыларын және ата-аналарды қатыстыруға болады.
Тағы бір жұмыс бағыты - ата-аналармен жұмыс. Қабылдау бөлмесінде ақпараттандыру қабырғасында " Қыс мезгіліндегі серуен", " Баланы ауа райына байланыс

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: