Дюсенова Сания Урынбаевна
Серуенді ұйымдастыру тәсілдері.
Серуен қандай бөліктерден тұрады?! Серуенге қай мезгілде қалай шыққан жөн. Серуенге нелер қажетті? Тәрбиешінің және тәрбиеші көмекшісінің ролі қандай?! Серуенге қажетті құралдар қандай болу керек. Ең маңызды бөлігі - ата-аналармен жұмысты жолға қою.
Серуенді дұрыс ұйымдастыру: бала денсаулығын нығайту, балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, киімі ыңғайлы болуы, жыл мезгіліне сай киінуі дұрыс жолға қойылғанда ғана баланың салауатты өмір салтының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Серуен кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасау және қимыл-қозғалыс ойындары баланың эмоционалды жағдайына және денсаулығына көп көмегін тигізеді.
Қысқы мезгілде серуен күніне 2 рет ұйымдастырылады. Ауа температурасының -15 градусқа дейін төмендеуі және желді күндері серуен уақыты қысқартылуы мүмкін.
Бала денсаулығын және өмірін сақтау мақсатында жұмыс уақыты басталғаннан тәрбиеші және тәрбиеші көмекшісі ойын алаңын тексерген жөн. Сынған шөлмек, тастардан үнемі тазартып отыру керек. Серуенге шығар алдында тәрбиеші көмекшісі ойын алаңын дайындау қажет. Тәрбиеші серуеннің қызықты өтуіне алдын-ала ( серуеннің жүрісін, ойын құралдарын) дайындауы тиіс.
Серуен төмендегі бөліктерден тұрады:
1. Бақылау;
2. Еңбекті ұйымдастыру;
3. Қимыл-қозғалыс ойындары;
4. Жеке баламен жұмыс;
5. Балалардың еркін ойындары;
Серуен бөліктері жыл мезгіліне, ауа райына байланысты әр түрлі болып құрылады, мысалы қыс мезгілінде көп қозғалысты талап ететін ойындар, еңбек, бақылау жыл мезгілдерінің ерекшелігіне сәйкес өткізіледі. Жыл мезгіліне байланысты көркем сөздер, тақпақтар айтқызуға болады.
Бақылау - тәрбиеші жоспарына байланысты жүргізіледі және мақсаты жазылады. Бақылауды жанды таби
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>