Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  44 | 45 | 46 | 47 | 48  >  >>

осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.
Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: " Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын". Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзі ашуға болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Дәйексөз.
Адам-ғалам, ғажайып, жеке-дара,
жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысан істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Ақжан әл-Машани
IV. Әңгімелесу (сұхбат).
Мұғалім оқушылардың (Адамның әлемдегі рөлі) ұғымдарын турала ойларын тыңдап, мәнін ашу адамның қажеттілігін ұғындыру мақсатында төмендегі сұрақтар

Страницы: <<  <  44 | 45 | 46 | 47 | 48  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: