сі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол - өз анасыныкі екенін таныды.
"Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! " - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып - ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.
"Балам", - деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын - ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар - жоғыныңда азабын тартқан әйелдер - нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.
Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді. Бес баланы асырап - бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек. Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой. Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, "Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым ж
Страницы: << < 36 | 37 | 38 | 39 | 40 > >>