ақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын".
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Дәйексөз
"Нәзіктік атаулының жиынтығы - ананың алақаны,
сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя. " В. Гюго.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.
5. Әңгiмелеу
Жалғыз хат
Камила Құдабаева
Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды. Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті. Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген "семіз хат?"деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адре
Страницы: << < 35 | 36 | 37 | 38 | 39 > >>