Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>

/>
Күні: 21. 12. 16
Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.
Мұғалiм: Джумабаева А. А Сынып 8 Оқушылар саны - 11
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу. "Өзін- өзі тану" сабағының ережесін "5-Т" еске түсіру.

2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құл

Страницы: <<  <  34 | 35 | 36 | 37 | 38  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: