Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

мын" өлеңін оқып, талдау.


Күні: 9. 11. 16
Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Құндылық: Дұрыс "іс-әрекет Қасиеттер: ақкөңіділік, адалдық, ізеттілік
Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірім мен түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету.
Міндеттері: - "кешірім", "кешірімділік" туралы түсіндіру;
айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
кешірімділікке тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Тыныштық сәті (2-5 минут)
Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде. . . . Тыныштық бар әлемде. . . . Күлімдеген күн, әсем табиғат, барлық адамдардың жүзі мейірімге толы, қандай әсем, қандай керемет. Біздің де жан дүниеміз бір тыныштық тапқандай бір рахат күйдеміз. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа тақырып
Балалар бүгін біз жаңа сабақ "Кешірімділік - көңіл кеңдігі" атты тақырыппен танысамыз.
ІҮ. Дәйексөз Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде "Кешірімділік анадан, кішіпейілділік данадан" деген мақлды талдауды ұсынамын.
Ү. Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ. с. ) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: "Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?" - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пай

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: