Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар:
1. Атасының үйіне келген қонақ кім еді?
2. Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?
3. Қанат домбыраны үйренуниетіне қалай жетті?
4. "Талаптыға нұр жауар" деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
5. Талапты бала қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ барысын талдау:
4. Дәйексөз.
"Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. "
Ш. Құдайбердиев
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
5. Әңгiмелеу Аңыз әңгіме
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
"Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс" депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
"Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр". Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып "Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>