Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол", -дейді.
Сұрақтар:
- Баланың іс әрекетіне қарап, мінез құлқына қандай баға беруге болады?
- Әкесі қандай айла ойлап тапты?
- Бала өзін тежеп ұстауға қалай үйренді?
- Әкесінің "Бұл саған өмірлік сабақ болсын" дегенін қалай түсіндіңдер?
Бала дұрыс әрекет жасады деп ойлайсыңдар ма?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
7. Топпен ән айту. Біз өмірдің гүліміз
Нұрланамыз бәріміз
(Сөзі өзгертілген)

Ақ ниетпен
Пәк жүрекпен
Өмірге біз келеміз.
Қуанышты
Ізгілікті
Күн нұрындай төгеміз.
Адалдықпен
Ақиқатқа
Жүгінеміз бәріміз.
Жақсылықты
Жамандықты
Айырады жанымыз.
Адамзатқа
Махаббатпен
Шырқалады әніміз.
Мейіріммен
Шуақ шашып
Нұрланамыз бәріміз.
17 - сабақ тапсырманы орындау
18 сабақ "Мен талапты баламын" өлеңін оқып, талдау.
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен: -Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Үй тапсырмасы: "Мен талапты бала

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: