Сценарий праздника "Новогодняя сказка" для детей 2-ой младшей группы на казахском языке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
Қарабалық ауданының әкімдігінің
"Улыбка" бөбекжай бақшасы

Екінші кіші тобына арналған
Жаңа жылдық ертеңгілік
мерекесінің сценариі


Көңілді әуенімен балалар залға кіріп, биле бастайды

Жүргізуші: Міне балалар, біз әсем безендірілген шыршаның жанында Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бәрің де шыршаға қараңдаршы, түсі жап-жасыл, ойыншықтар көп ілінді. Мына жанып тұрған кішкене жарықтарды қараңдаршы, қандай әсем! Өте сұлу шыршамыз бізді күтіп тұр екен. Кәне, мерекемізді бастайық. Жаңа жылдарың құтты болсын, балабақшадағы алғашқы мерекелерің сендерге жақсы көңіл - күй әкелсін!
Мына күтіп отырған кім?

Балалар: Қоян.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, қоян. Біз қоянмен амандасып, қоянға қоянша секіре алатынымызды айтайық. Кәне, бәріміз музыка ырғағымен билейік.

"Сұр қоян" әні


Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Жүргізуші: Біздің ұлдар саған би көрсетеді

"Қояндар" биі

Жүргізуші: Қоян менің құлағыма сыбырлап сендерге рақмет айтты. Кәне, бізді тағы кім күтіп отыр екен, қарайықшы. Бізді қоңыр аю күтіп отыр екен ғой. Кәне, бәріміз аюмен амандасайық. Аю, сен бізді ұзақ күткен шығарсың? Біздің балалар музыка әуенімен аю секілді жүру біледі. Кәне, бәріміз аюмен бірге аюдың жүрісін салайық.

Аю: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші:Енді бәріміз аюмен бірге ойын ойнап жіберейік!

"Аю мен қояндар" ойыны

Жүргізуші: Балалар, аю сендерге риза болып рақмет а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: