йтып жатыр. Енді балалар екі қонағымызды алып, бірге би билейік.
"Мишка с куклой" биі
Жүргізуші: Ал енді қонақтарымызды отырғызып өз өнерімізді көрсетейік. Тақпақ айтуға шығыңдар балалар!
1 бала:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оралып.
2 бала:
Сүйінші балалар
Ақ ұлпа
Жаңа қар
Қамтыды жерді
"Аққала" әні
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрны сәбіз үп - үшкір
Көзі көмір қап - қара
Аққала, аққала
Сәлем жолда атаға
Көне шелек басында
Сыпырғышы қолында
Мұздайынды аршуға
Келгендей - ақ ол мұнда
Аққала, аққала
Сәлем жолда атаға
Есік тықылдайды, музыка әуенімен Ақша қар кіреді
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме балалар мен қонақтар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар. Балалар келген Аяз Атаның немересі Ақшақар. Кәне бәріміз қайталайықшы Ақ-ша-қар! Ақшақар, Аяз Ата қайда? Бірге келді ме?
Ақшақар:Аяз Ата балаларға сыйлық әкелем деп сендерге кетті. Балаларды күттірмей деп ертерек шықты. Ой! Балалар, Аяз Ата орманда адасып қалды шығар?! Оны құтқару керек шығар?
Жүргізуші: Балалар, Аяз Атаны қалай құтқарамыз? Мүмкін, біздің қонақтарды көмекке жібереміз?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Кәнеки қонақтар, орманда Аяз Атаны тауып, балабақшаға алып келіңдер!
Қоян, аю: Жақсы! Біз кеттік!
Жүргізуші: Ақшақар, біздің балалар Аяз Атаға арнап, би дайындады.
"Гимнастика" биі
Ақшақар:Рақмет, балалар. Кіп-кішкентай бүлдіршіндер өте жақсы айтады екенсіндер.
Есік тықылдайды, музыка әуенімен Аяз Ата кіреді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>