r/> Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, бізге Аяз Ата келді?
Аяз Ата:Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар және немерем Ақшақар!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз Ата. Балалар сізді күтіп кішкене шаршап қалды.
Аяз Ата:Шаршап қалдыңдар ма? Онда қазір мен сіздермен ойын ойнаймын! Кәнеки, үлкен шеңберге тұрайық!
"Қарлар" ойыны орындалады
Аяз Ата:Жарайсыңдар! Ал енді мен шаршап қалдым!
Жүргізуші: Аяз Ата, сіз отырып, демалыңыз, ал біз, балалармен бірге сізге ән айтып берейік.
"Кішкентай шырша" әні
Кішкентай шыршаға
Суық далада
Әкелдік орманнан
Оны біз мында
Қаншама шыршада
Ойыншықтары
Қызыл, көгілдір,
Әр түрлі түсті
Алқа ілеміз
Шеңберде тұрмыз
Көңілді мейрамды
Қарсы аламыз!
Аяз Ата:Жарайсыңдар! Жақсы демалып қалдым! Мен билегім келеді. Бір билесемк болады ма?
Жүргізуші: Болады, балалар, Аяз Атамен бірге тұрып билейік!
"Жаңа жылдық билеу" орындалады
Аяз Ата:Бәрекелді балалар! Қазір мен сендерге сыйлық беремін!
Қайда менің қабым? (Шыршаның жанында іздеп жүреді. ) Ой - бай! Мен сыйлықтарды орманда тастап кеттім шығар? Кешіріңдер мені!
Ақшақар:Ата, біз орманға сені табу үшін қоянды, аюды және мысықты жібердік, олар балалардың сыйлықтарын табу тиіс!
Сол уақытта музыка әуенімен залға қоян және аю сыйлықтармен кіреді
Қоян: Балалар, біз орманға келдік.
Аю: Аяз Атаны тауып аламыз деп ойладық. Көп жүріп, шаршап қалдық, демалып отырайық деп ойладық. Қарасақ!
Қоян: Үлкен шыршаның жанында, сыйлықтар жатыр екен! Біз оларды алып жинап балабақшаға әкелдік!
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>