Сайыс сабақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 21. 09. 2016ж
Сыныбы: 6 "Ә,В" сынып
Сабақтың түрі: сайыс сабақ, /сыныптан тыс/
Сабақтың тақырыбы : "Тіл жүйрікте кім жүйрік?"
Сабақтың мақсаты:
1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;
2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;
3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;
қатысушылар: 6 сыныптар (әр сыныптан 5 оқушы қатысады)

Фатима:
- Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын,білімге қызығушылығын арттыратын "Тіл жүйрікте кім жүйрік?" атты сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін. 6 "Ә", 6 "В" сынып оқушылары.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:


Салтанат:
-Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.

Фатима:
- Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:



І. Таныстыру
ІІ. Деген екен
ІІІ. Білімді мыңды жығар
ІҮ. Әзіл викторина
Ү. Сөз болатын - мақал
Ү

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: