Сайыс сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

алтанат:
VІ кезең
"Әзіл викторина"
- әзіл викторина ойынын ойнайық. Олай болса дайынбыз ба? Бастаймыз:
-Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
-Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
-Есік пен терезенің арасында не тұр? ("пен" тұр)
-Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
-Көкқұтан өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
-Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
-Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?(12 құс, тордағы құс ұша алмайды)
-Түсі жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
-Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
-Қандай сұраққа "иә" деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
-Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
-Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
- "Шалға" қарағанда "балада" не көп? (буын, әріп)
- Бір арба келіншек келеді, әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек бар (сіріңке)
- Құрметті әділ қазылар ұпайларын көтерсеңіздер.

Фатима:

Ү. "Сөз болатын-мақал" деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. "Мақал-сөздің атасы"демекші сайысымызды жалғастырамыз.

Шарты: тақтадағы ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар.
1 ұяшық "білім"
2 ұяшық "кітап"
3 ұяшық "сөз"
4 ұяшық "жер, ел"

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: